
Жиын барысында студенттер ұрыс машиналарын жүргізу, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету бойынша практикалық жаттығуларды орындады, сондай-ақ атыс қаруынан оқ ату машықтарын паш етті. Одан басқа, жиын аясында студенттермен армрестлинг, гір спорты, белтемірге тартылу, арқан тарту және шахматтан оқу роталары арасында спорттық сайыстар өткізілді. Оқу жиынының соңғы кезеңінде тактикалық арнайы сабақтар мен оқыту пәндері бойынша бітіру емтиханы өткізілді. Мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін оқытушылар мен жеке құрам барлық оқу курсы бойынша қорытынды шығарды. Өз кезегінде, студенттер оларға болашақ кәсіби қызметте қажетті алған білімдері мен дағдылары үшін алғыс білдірді. Әскери дайындықтың толық курсынан өткен студенттер келешекте Қазақстан армиясының офицерлер корпусын толықтыратынын айта кету қажет.