Қорғаныс министрлігінде Құқықтық мәселелерді қарастыратын байланыс орталығы өз жұмысын бастады

Қорғаныс министрлігінде Құқықтық мәселелерді қарастыратын байланыс орталығы өз жұмысын бастады

Call-орталықтың атқаратын негізгі қызметі: ақпараттық, консультативтік-құқықтық көмек көрсету, әскери қызметшілердің өз заңды құқықтары мен мүдделерін қолдануда жәрдемдесу, тиісті бөлімшелерге талап етілетін ақпаратты уақтылы беруді қамтамасыз ету, ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсыну. Консультативтік қызмет әскери қызметті өткеру барысында, тұрғын үймен қамтамасыз ету және лауазымды адамдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым жасау кезінде туындайтын барлық құқықтық мәселелер бойынша көрсетіледі. Call-орталық күн сайын таңғы сағат 9.00 мен кешкі 18.00 аралығында жұмыс жасайды. 8(7172)72-15-11 бірыңғай нөміріне қоңырау шалу Қазақстанның барлық өңірлерінен тегін жүзеге асырылады.