
Биылғы жылы алғаш рет қатысушы командаларды екі дивизионға бөлу туралы шешім қабылданды. Бірінші дивизионға «Танк биатлоны-2018» сайысының қорытындысы бойынша 1-ші мен 12-ші аралығында орын алған командалар кірді. Қалған командалар екінші дивизионға кірді. Жеңімпаздар әрбір дивизионда анықталатын болады. Сайыс қорытындысы бойынша барлық 25 команданың рейтингісі құрылып, айқындалады. Бұл келесі жылы дивизиондарды жасақтауға септігін тигізеді. Жеребе тастау нәтижелері бойынша Қазақстан құрамасы «Танк биатлонында» бірінші дивизионда көк танктерде үшінші болып сайысқа түседі. Қазақстандық танкішілермен бірге қызыл танкте Моңғолияның командасы, жасыл танктерде Сирияның, сары танктерде Венесуэланың командасы өнер көрсетеді. Жеребе тасталғаннан кейін командалар даңғыл жолмен танысып, танктерін алды. Осы жылы «Танк биатлоны» сайысы жетінші рет, оның бесеуі – Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде өткізілуде. Қазақстан командасының алғашқы додасы 4 тамызда өтеді.