
Таяуда «Взвод құрамында десанттау, жерге қону алаңындағы жиын, 10 шақырымға жүгіру» алғашқы кезеңіне дайындық шаралары шеңберінде байқау қатысушыларымен әуе-десанттық кешеннің снарядтарында қарғу алдындағы жаттығу өткізілді. Оның барысында байқау қатысушылары әртүрлі жағдайлардағы және жерге қону кезіндегі десантшылардың іс-қимылдарын пысықтады. Взвод армиялық авиацияның Ми-8 үш тікұшағында бөлімше құрамында секірулерді жүзеге асырды. Қарумен толық жарақтандыруда ойынға қатысушы 21 елдің өкілдері секіруді орындады. Бөлімше құрамындағы десанттау сайсысқа түсуге тура келетін парашюттік жүйелерді қолдана отырып, 600 және 800 метр биіктіктен жүргізілді. Алаңға қонғаннан кейін команда берілген бағдар бойынша 10 шақырымға жүгірді. Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Армиялық халықаралық ойындар бесінші рет өткізілуде. Ойынның ауқымы 10 мемлекеттің, яғни, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Өзбекстанның аумағына жетті. Ұйымдастырушылар 30-дан аса елдің 6 мыңнан аса әскери қызметшісі қатысады деп күтуде.