Қазақстан «Танк биатлоны» жарысының финалында «алтын» үшін сайысқа түседі

Қазақстан «Танк биатлоны» жарысының финалында «алтын» үшін сайысқа түседі

Сайыста «алтынға» үміткер біздің танк құрамының ойынын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша  сағат 19.30-да(Мәскеу уақыты бойынша сағ. 16.30-да) «Звезда»( https://tvzvezda.ru) телеарнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады. Айта кетерлігі, жартылай финалда Қазақстан бір топта өнер көрсеткен Қытай, Әзірбайжан және Сербия командаларын басып озды. Биыл «Танк биатлоны» сайысында барлығы 25 мемлекет қатысты. Олар: Қазақстан, Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Иран, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және т.б.