
ӘШҚҚ әскерлері шарт бойынша нысаналарды қолдану арқылы қанатты зымырандар мен шартты қарсыластың әуе кемесін келтіретін жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда тәжірибелік ату тапсырмаларын пысықтауда.
МиГ-31 жойғышы «әуе-әуе» зымырандарымен бірге әуе нысандарын жою барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қолдау білдірді.

Сонымен қатар Су-25 шабуылдаушылары және Су-30СМ заманауи жойғыштары, Ми-17 тікұшақтары басқарылмайтын және басқарылатын зымырандар, авиациялық және жарқыншақты-фугасты бомбаларды пайдалану арқылы жердегі нысаналарды жою мақсатындағы міндеттерді орындайды. Оқу-жаттығуға Әуе қорғанысы күштері жеке құрамының 1 000-нан аса әскери қызметшісі мен мерзімді қызметтегі сарбаздар қатысуда. Олар офицерлік құрам мен келісімшарт қызметінің әскери қызметшілерінен алған білімдерін іс жүзінде қолданды. «Жауынгерлік достастық – 2019» халықаралық оқу-жаттығуы шеңберінде практикалық іс-қимылдар Ресейдегі «Ашулук» полигонында өтуде. Бірлескен оқу-жаттығу халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтып, ТМД ӘШҚҚ бірлескен жүйесі аясында өзара іс-қимыл жүргізудің тиімділігін арттыруда септігін тигізеді.