
Бүгін Алматы қаласында Қырғыз мемлекетіндегі Жеңіс шыңында жоғалған қазақстандық альпенистерді іздеу операциясының қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрінің баспасөз-конференциясы өтті. Шараға іздеу-құтқару операциясының мүшелері ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери альпенистері капитан Мақсұт Жұмаев, аға лейтенант Василий Пивцов, сондай-ақ ҚР Альпенизм және спорттық құзға шығу федерациясының бас хатшысы Қазбек Валиев қатысты. Әскерилер Жеңіс шыңында 14 рет айналып, ұшып өтті. 22 тамыз күні іздеу-құтқару операциясының жетекшісі Василий Пивцовтың айтуы бойынша көзбен шолу және тепловизорды пайдалану еш нәтиже бермеген. Тірі адамдардың ешқандай белгісі мен денесі табылмаған.