Қазақстандық курсанттар БАӘ әскери ұшқыштарына тәжірибелік дағдыларын көрсетті

Қазақстандық курсанттар БАӘ әскери ұшқыштарына тәжірибелік дағдыларын көрсетті

БАӘ әскери авиациясының өкілдері қазақстандық әріптестерімен болашақ әуе мамандары мен авиация инженерлерін дайындау мен оқытуда тәжірибе алмасу, әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешекке арналған жоспарын талқылады. Кездесу барысында қонақтарға Қазақстан мен Орта Азиядағы Қарулы Күштер үшін әуе қорғаныс күштерінің мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жалғыз әскери-оқу орнымен таныстырды.  БАӘ елінің әскери ұшқыштары авиациялық қару-жарақ пен құрылымның, әуе кемесі мен авиациялық қозғалтқыштардың техникалық пайдалану кафедрасы мен оқу зертханасында болды. Сонымен қатар Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының оқу орталығына келіп, курсанттардың  Ми-8 тікұшағындағы жекелеген ұшу жұмыстарымен танысты. Бұл сапарда шетел қонақтары Әуе қорғанысы күштері Әскери институты профессор-оқытушыларының жоғары кәсібилігі мен жақсы оқу-материалдық базасының болуын атап өтті. Айта кетерлігі, 2017 жылы Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс ведомстволары әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.