Қорғаныс министрлігі жеке құрамды медициналық тексеруден өткізу ережелеріне өзгертулер енгізуде

Қорғаныс министрлігі жеке құрамды медициналық тексеруден өткізу ережелеріне өзгертулер енгізуде

Бұйрық жобасын қабылдау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық мекемелерінде жеке құрамды медициналық тексеруден өткізу тәртібі мен анықтауға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасында өткізу тәртібі регламенттелген:

  • Жеке құрамды алдын-ала міндетті медициналық тексеру;
  • Жеке құрамды ауысым алдындағы міндетті медициналық тексеру;
  • Әскери қызметшілерді мерзімді міндетті және алдын-ала медициналық тексеру;
  • Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын серпінді бақылау;

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz