Әскери қызметшілер «Менің таңдауым – балаларға көмек» қайырымдылық акциясын өткізді

Әскери қызметшілер «Менің таңдауым – балаларға көмек» қайырымдылық акциясын өткізді

«Менің таңдауым - балаларға көмек» ұранымен жыл сайын өткізілетін қайырымдылық акциясы аясында балаларға мектеп формасы, жолдорба, кеңсе тауарларын, сондай-ақ тамақтар сынды көмектер көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, жергілікті әскери басқару органдары және Алматы қаласының әскери-техникалық мектебі аталмыш қайырымдылық шарасын көп балалы және аз қамтылған отбасыларға ғана емес, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де ұйымдастырылады. Бұдан басқа, әскери қызметшілер мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын №2 мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін ерікті түрде қамқорлықтарына алды. Балаларға арналған жаңа жылдық мерекелер қарсаңында аниматорлардың қатысуымен іс-шаралар өткізіліп, сыйлықтар ұсынылып тұрады. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тамақ, ойыншықтар мен қажетті заттар әкелінеді. «Балаларға көмектесу аяқ астынан жасалатын тілек емес. Біріншіден, бұл жылулық пен қамқорлық танытуға деген шынайы ниет қажет. Барлық балаларға қамқорлық пен сүйіспеншілік керек, әсіресе денсаулықтары шектелген балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға», - дейді Алматы қаласы, Алатау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Гаухар Сырлыбаева.