Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштерінің бөлімшелері бірлескен арнайы оқу операциясын пысықтауда

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштерінің бөлімшелері бірлескен арнайы оқу операциясын пысықтауда

Оқу 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгінгі күні қазақстандық әскери қызметшілер полигонға орналасып және де сап түзеуді жүргізді. Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан 30 әскери қызметшіден құралған арнайы мақсаттағы және бір брондалған топ барды.  Оқудың мақсаты – қосалқы жасақтың жауынгерлік дайындығын тексеру, бөлімшенің дайындықтағы жинақылығын және заңсыз қарулы топтарды оқшаулау арнайы операциясы аясында барлау жүргізу.  Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері теория және іс жүзінде тау, арнайы-тактикалық және атыс даярлықтарын, әскери топография мен байланысты ұйымдастырудағы білімі мен дағдыларын жетілдіреді. Командирлер үшін жеке құрамды дайындаудағы атыс қаруын, техникалық барлау құралдары мен жерлерді қорғаудың ерекшеліктерін тиімді пайдалануда жақсы мүмкіндік. Бұдан басқа далалық жағдайдағы осындай оқу-жаттығулар әскери қызметшілердің психологиялық беріктігі мен дене төзімділігін нығайтады.  Қазақстан және Қырғыз елі Қарулы Күштерінің бірлескен  «Ыстық көл – Аңырақай – 2019 оқу-жаттығуы тұрақты түрде өткізіледі. 2018 жылы екі мемлекеттен 300-ден аса арнайы мақсаттағы әскери қызметші қатысты.