
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жарыстың абсолютті жеңімпазы командалары атанды. Екінші орынды Өзбекстан мемлекетінің әскери қызметшілері еншілесе, үшінші орынға Беларусь Республикасының өкілдері табан тіреді.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов халықаралық жарыстың нәтижелерін қорытындылады. «Сендерге психологиялық және дене төзімділікті сынап көруге үлкен мүмкіндік болды. Ең бастысы барлығын осындай баға жетпес тәжірибе алдыңдар және ерекше көңіл-күймен қайтып барасыңдар» - деді өз сөзінде ҚР ҚК Бас штаб бастығы.
Сонымен қатар, түрлі номинациялар бойынша үздік қатысушылар анықталды. «Үздік жарғыш» Үнді Республикасының өкілдеріне берілсе, «Үздік автомат атқышы» Ресей Федерациясының әскери қызметшілеріне бұйырды. Қазақстандық әскери қызметшілер «Топтың үздік командирі», «Үздік мерген», «Үздік пистолет атқышы» және де «Үздік зеңбірекші» аталымдары бойынша көшбасшы деп танылды.
«Тәжірбие алмасып, шеберліктерін шыңдау және білімдерін жетілдіру сайыстың негізгі тапсырмалары болып табылады. Қатысушылар мен бақылаушылар сайыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жоғарғы деңгейде өткенін, сондай-ақ төрешілердің әділдігін атап өтті» - деді сайыстың бас төрешісі полковник Ерлан Өтеуов. «Алтын Үкі - 2019» сайысы 12 кезеңнен тұрды. Жарыс барлау бөлімшелері командирлерінің жұмыс деңгейін, әскери қызметшілердің ату және далалық машығын, күндізгі және түнгі кезде қиын жағдайларда тапсырмаларды орындау дайындығын, сондай-ақ медициналық көмек көрсету дағдыларын тексерді. Турнирға 100-ден астам әскери қызметші қатысты. Сайыс барысын Италия, Қытай, БАӘ, Сербия, Түркіменстан және Түркия елдерінің өкілдері бақылады.