Қазақстан мен Руанданың әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері қаралды

Қазақстан мен Руанданың әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері қаралды

Руанда делегациясының Қазақстанға сапары аясында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Ұлттық барлау және қауіпсіздік қызметінің бас хатшысы Жозеф Нзабамвитпен кездесті.

Әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері сапардың күн тәртібіне енді. Іс-шара барысында еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің компанияларына руандалық тараптың баруы ұйымдастырылды.