
Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов пен Финляндияның Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы әскери атташесі 3-дәрежелі капитан Хейкки Антеро Маттила кездесті.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Биыл ақпан айында Хейкки Антеро Маттила Қазақстан Республикасына әскери атташе ретінде бекітілгенін айта кеткен жөн.
