Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізілуде

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлік қызметі  туралы келісімге өзгерістер енгізілуде

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» жобасы әзірленді.

Хаттаманы ратификациялау ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бітімгершілік күштері бөлімшелерінің БҰҰ аясындағы бітімгерлік операцияларына қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа редакцияда келісімге «үйлестіруші мемлекет» ұғымы енгізілді.

Құжаттың толық мәтінімен 2021 жылы 30 желтоқсанға дейін келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13785989.