
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Үкіметтің 2001 жылғы 16 тамыздағы
№ 1074 қаулысына толықтырулар енгізіледі.
Атап айтқанда, бірыңғай операторға бекітілген ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету аясында әскери және қос мақсатта пайдаланатын тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасын белгілеу қағидаларын әзірлеуге қатысты орталық аппараттың функциялары толықтырылды.
Сондай-ақ толықтырулар бірыңғай оператордың жұмыс істеу қағидаларына және оған бекітіліп берілетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесіне де қатысты енгізілмек.
Одан бөлек, оқ-дәрілерді тез арада жоюды талап ететіндерге жатқызу критерийлері және оларды жою қағидалары бекітіледі.
Аталған бұйрық жобасының толық мәтінімен 2021 жылдың 21 желтоқсанына дейін сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13611642.