Әскери қызметшілерді әскери-медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Әскери қызметшілерді әскери-медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» жобаны дайындады.

Бұл өзгерістер жоспарлы түрде әскери бөлім мен мекемеден тыс жерлерге стационарлық емделуге жіберілетін әскери қызметшілерге құжаттарды беруге, емдеуге жатқызу күнін айқындауға, сондай-ақ инфекциясы бар науқастар мен инфекциялық сырқаты болуы мүмкін адамдарды оқшаулауға қатысты.

Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында келесі сілтеме арқылы биылғы жылдың 2 желтоқсанына дейін танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13060727.