Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер мен тағайындаулар жүргізді
Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Тимур Тұрарұлы Дәндібаев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды.