Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады

⁃ Бокстан әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты, күміс олжалаған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және ұлттық құрама капитаны, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповті шын жүректен құттықтаймын! Ел атын шығарған ерлерімізге табыс тілеймін! -деп жазды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Кіші сержант Сәкен Бибосынов пен армиялық Теміртас Жүсіпов өз салмақтары бойынша әлем чемпиондары атанды. Әлемдік біріншілікті ОСК-ның мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Махмұд Сабырхан күміс жүлдемен аяқтады.

Әскер спортшылары өз жеңістерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.