
Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің азаматтық қызметкерлерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы қаулысына өзгерістер әзірледі.
Құжаттың жаңа редакциясында COVID-19-ға қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған Денсаулық сақтау субъектілері қызметкерлерінің үстемеақылар мөлшеріне қатысты мәселелер реттелген.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 12 қарашаға дейін танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12745567