Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізді

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшының төрағалығымен кезекті Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті. 

Мемлекеттік орган басшылары Президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады.

Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 

http://ak-orda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-strategiyalyk-komandalyk-shtabtyk-askeri-oku-zhattygu-zhiynyn-otkizdi-5104235