Қазақстан мен Үндістан бірлескен лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізуде

Қазақстан мен Үндістан бірлескен лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізуде

Үндістан Республикасының Баклох қаласында Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қатысуымен «Прабал-Достық-2017» кезекті екіжақты лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өтуде. Үндістан Республикасының Баклох қаласында «НОД» дайындық орталығының базасында екі елдің қорғаныс ведомстволарының арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілуде. Оған Қазақстан Республикасы мен Үндістан Қарулы Күштерінің елуден аса әскери қызметшісі қатысуда. Оқу-жаттығудың мақсаты лаңкестікке қарсы іс-шараларды өткізу және елді мекендерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу, заңсыз қарулы құралымдарды анықтау, оқшаулау және жою кезінде бөлімшелердің тактикасы мен іс-қимылдарының мәселелерін пысықтау болып табылады.