
ҚР ҚК Бас штабы бастығының жетекшілігімен Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштердің басшылық құрамымен өтіп жатқан оқу-әдістемелік жиын шеңберінде «Шетел мемлекеттері қарулы күштерінің құрылысы мен дамуындағы негізгі үрдістер, заманауи әскери қақтығыстардың сипаты мен мазмұнының өзгеруі» тақырыбы бойынша әскери-ғылыми конференция өткізілді. Конференция барысында әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси жағдайдың дамуының бағалануы мен болжамдары, әскерлердің (күштердің) жауынгерлік даярлығын жетілдірудегі көзқарас, түраралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және ҚР ҚК әрі қарай дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселесі талқыланды. Конференция жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін іздестіру, мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігінің жаңа қауіп-қатерлерімен күресу үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік мүмкіндіктерін арттыру мақсатында әскерлердің (күштердің) жауынгерлік даярлығын жетілдіруге бағытталған. Әскери-ғылыми конференция сәтті өтті. Конференцияның мақсатына қол жеткізілді.