
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында құқық қорғау органдары басшыларының Президент резервісінде тұрған қызметкерлерге арналған кәсіби деңгейді арттыру курстарының ашылуы өтті. Курстың ашылуына Президенттің көмекшісі – Қазақстан Рсспубликасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы генерал-лейтенант Владимир Жумаканов, ҚР Бас прокуроры Жақыпм Асанов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзәкіров қатысты. Курс бағдарламасының тақырыбына сәйкес Ұлттық қорғаныс университетінің «Қарулы Күштері Бас штабының академиясы» факультетінің оқытушылары заманауи әскери қақтығыстардың, әлемдегі геосаяси жағдайдың сипатын зерделеу және өзге де тақырыптар бойынша сабақтар өткізеді. 2017 жылғы мамырда ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс универсиетінің базасында Құқық қорғау органдары академиясымен екіжақты меморандум шеңберінде Академиямен кадрлық резервте тұрған Президент резервісіндегі, прокуратура органдары қызметкерлерінің алғашқы курстық даярлығы ойдағыдай өткізілді. «Біз үшін қолда бар инфрақұрылымды, әсіресе, Президент резервісіндегілерге курс өткізу үшін аудиорлық қорды қайта ұсыну үлкен абырой. Құқық қорғау органдарының академиясы сияқты жетекші ЖОО-лармен біліктілікті арттыру мәселелеріндегі ынтымақтастық - ведомстволарымыз, университтер мен әрине, оқып-үйренушілер үшін сөзсіз, білім беру ортасын кеңейту болып табылады», - деп генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров атап өтті. Ұлттық қорғаныс университеті жетекші ведомствоаралық ғылыми-білім беру орталығы болып табылатынын айта кету қажет. Университетте ұдайы негізде ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің біліктілігін жоспарлы түрде арттыру жүзеге асырылады. Жыл сайын ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университеті базасында 1000 адамға дейін біліктілікті арттырудан өтеді.