Әскери кафедрада бірінші курс студенттері үшін ашық есік күндері өтті

Әскери кафедрада бірінші курс студенттері үшін ашық есік күндері өтті

Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында бірінші курс студенттері үшін ашық есік күндері өтті. Іс-шара аясында университеттің әскери кафедрасына 800-ден аса бірінші курс студенттері келді. Әскери кафедраның бастығы полковник Олег Ажимовтың айтуынша, аталмыш шара студенттерге кафедраның оқу-материалдық базасымен танысуға, сондай-ақ оқу тренажерларында жаттығып, лазерлік тирде оқ атудан сынақ тапсыруға мүмкіндік берді. Іс-шара аяқталған соң студенттердің көбісі әскери мамандықты игеруге және әрі қарай өздерінің тағдырын қазақстандық армиямен байланыстыруға ниет білдірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ағымдағы жылы әскери дайындықтың 14 бағыты бойынша 800-ден аса бозбала мен бойжеткен білім алуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары оқу орындары базасында әскери мамандықтарға қол жеткізудің жүйесі сәтті іске асырылып жатқанын айта кету қажет. Сонымен, еліміздің 29 оқу орнында оқытудың алпыс бағыты бойынша әскери кафедралар ұйымдастырылды.