Пәкістан Ислам Республикасының делегациясы Ұлттық қорғаныс университетіне барды

Пәкістан Ислам Республикасының делегациясы Ұлттық қорғаныс университетіне барды

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Пәкістан Ислам Республикасы стратегиялық зерттеулер және талдау институтының директоры көш бастаған Пәкістанның әскери делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Сапар барысында Пәкістан әскери қызметшілерінен құралған делегация университеттің оқу-материалдық базасымен танысып, Үндістан мен Қытай әскери өнер аудиториясына, ҚР Қарулы Күштері Бас штабының, Шекара қызметінің факультеттеріне барды. Кездесу аясында Пәкістан Ислам Республикасының стратегиялық зерттеулер және талдау институтының директоры генерал-майор Мұхаммад Самрез Салик «Таулы жерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу ерекшеліктері. Пәкістандық армияның тұрақсыз құралымдардың әскери операцияларындағы тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқыды.