ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қайырымдылық іс-шараларын өткізді

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қайырымдылық іс-шараларын өткізді

Астанада ҚР ҚМ Әскери өкілдіктер орталығының әскери қызметшілері №49 орта мектепте өткен мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсету қайырымдылық шарасына қатысты. Ал Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті. Ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жетім балаларға, мұқтаж отбасыларға шефтік көмек көрсету секілді мұндай іс-шаралар ай сайын өткізіліп тұрады. «Мұндай керемет, қайсар жандарды біз әсте ұмытпай қамқорлық танытуға тиіспіз. Әркез сайын біз оларды қуанышқа бөлейміз, олар бізбен өздерінің естеліктері, салиқалы өмірлері жайлы бөлісіп отырады. Ардагерлерге өзіміздің балаларымызды да қонаққа әкеліп тұрамыз. Өскелең ұрпақ тарихты білгені абзал», - дейді Құрлық әскерлері Әскери институтының офицері подполковник Дмитрий Прохоров. Астанада қайырымдылық концерті «Мейірімділік-М» қоғамдық қорымен бірлесе өткізілді. Коцнерт алдында ҚР ҚМ Әскери өкілдіктер орталығының жеке құрамы мүмкіндіктері шектеулі балаларға жазу құралдарының жиынтығын сатып алды. «Мен мұндай керемет концертті тамашалағаныма өте қуаныштымын. Әскерилер мен үшін үлгі, әскери киім маған қатты ұнайды. Бос уақытымда мен сурет саламын, ал бүгін олар бізге жаңа фломастерлер, түрлі түсті қағаз бен сурет салуға арналған альбомдарды тарту етті», - деді мектеп оқушысы Дәулет Қасымханов. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ұдайы негізде мерекелік қойылымдар, концерттер, байқаулар, экскурсиялар ұйымдастырады. Тұрмыстық-шаруашылық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді, тұрмыстық техниканы, балалар киімін, ойыншықтарды, оқу керек-жарағы мен балалар мен ардагерлердің күнделікті өміріне қажетті өзге де заттарды жинау бойынша қайырымдылық акцияларын өткізіп тұрады.