«Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу орталығының базасында Қызыл Крест өкілдерінің семинары ұйымдастырылды

«Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу орталығының базасында Қызыл Крест өкілдерінің семинары ұйымдастырылды

«Бейбітшілік үшін серіктестік» (ҚАЗЦЕНТ) оқу орталығының базасында Орта Азиядағы Қызыл Крест халықаралық комитетінің өкілдігі «Қарулы қақтығыстар құқығы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар мақсаты Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу және бітімгершілік операцияларды өткізу кезінде қолданылатын қарулы қақтығыстар құқығымен таныстыру болып табылады. Семинарға ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерінің, ҚАЗЦЕНТ, ҚР ҚМ Әскери медицина орталығының әскери қызметшілері, сондай-ақ еліміздің жетекші университеттері әскери кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. «Семинар аясында біз қарулы қақтығыстар кезінде халықаралық ізгілік ұйым қолданатын тәжірибе, практика және көзқараспен таныстық. Одан басқа, бізге бітімгершілік операцияларды өткізудің әртүрлі құқықтық қыр-сырларын талқылауға, тәжірибе алмасуға және көкейімізде жүрген сұрақтарды қоюға мүмкіндік туды», - дейді бітімгершілік дайындық жөніндегі бағыттау бөлімшесінің аға оқытушысы подполковник Родион Закиров. Жұмыс қорытындысы бойынша Қызыл Крест өкілдері Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін мұндай іс-шараларды тұрақты түрде әрі қарай өткізуге әзірліктерін білдірді.