Әскери қызметшілер қарттарды мерекелерімен құттықтады

Әскери қызметшілер қарттарды мерекелерімен құттықтады

Қарттар күнінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері зейнеткерлер, ҰОС және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері үшін қайырымдылық іс-шара өткізді. Қарттар күнін мерекелеу аясында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Атырау қаласындағы Қарттар үйінің тұрақты тұрғындарына көмек көрсетті. Облыстық филармониямен бірлесе әскери қызметшілер концерт дайындап, зейнеткерлерге мерекелік түскі ас ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысының ардагері өзінің зайыбы Людмила Славовна екеуі айрықша құрметке бөленді. «Бұл күні біз әкелеріміз бен аналарымызға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге көп жылдық адал еңбектері, республикамызды дамытуға қосқан баға жетпес үлестері, жас ұрпаққа тәрбие беріп, өмірге төзімділіктері мен рух беріктіктері үшін алғыс білдіреміз. Себебі, кәріліктің алдында баршамыз шарасызбыз. Бұл ыммен біз әскери қызметшілерімізге тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге, баршаларыңызды мұқтаж жандарға қолдау көрсету мәселесінде қол қусырып отырмай қалыс қалмауға шақырамыз», - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлнәр Ғалиақпарова. Әскери қызметшілер аға буынға ілтипат көрсету бұл күні ғана емес, күн сайын көрсету қажет қағидатын ұстанады.