АОСК-ның спортшылары жабық үй-жайлардағы Азия ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанды

АОСК-ның спортшылары жабық үй-жайлардағы Азия ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанды

Ашхабад қаласында жабық үй-жайлардағы бесінші Азия ойындарында ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары жүлделі орындардың иегерлері атанды. ҚР ҚМ АОСК грек-рим стиліндегі палуан Данияр Қаленов 66 келі салмақта ойын чемпионы атанды. Шешуші кезеңде палуанымыз ирандық палуан Амин Суриді 2:1 есебімен жеңді. Басқа армиялық палуан ефрейтор Асхат Ділмұхамедов 82 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Құраманың қоржынын еркін стильдегі палуан кіші сержант Әділет Давлумбаев қола медальмен толықтырды. 86 келі салмақ дәрежесіндегі белдесуде ол пәкістандық спортшы Мұхаммад Инамды 8:5 есебімен ойсырата жеңді. Сайысқа барлығы 36 елдің спортшысы қатысуда.