«Қаратау – 2017» оқу-жаттығуында мотоатқыш және танкті бөлімшелер шартты дағдарыс ауданын оқшаулады

«Қаратау – 2017» оқу-жаттығуында мотоатқыш және танкті бөлімшелер шартты дағдарыс ауданын оқшаулады

Қолбасшының шешіміне сәйкес мотоатқыш және танкті бөлімшелер бастапқы аудандардан шығып, шартты дағдарыс ауданын оқшаулап, әрі қарайғы іс-қимылдар үшін бекіністерге жайғасты. Қазақстанда өтіп жатқан «Қаратау – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы барысында барлау бөлімшелері мен Арнайы операциялар күштерінің іс-қимылдарымен негізгі күштерді өрістету үшін қажетті жағдай жасалды. Алынған жедел мәліметтер негізінде оқу-жаттығу басшылығы жағдайды бағалап, шартты заңсыз қарулы құралымдардың іс-әрекетінің ықтимал сипатын айқындады. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мұрат Құсайынов дағдарыс ауданында арнайы әскери операцияны жүргізу туралы шешім қабылдады. Атыс шептеріне артиллерия жайғасты. Арнайы әскери іс-қимылдар барысында жауынгерлік қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, тәулік бойы шартты қарсыласты барлау жүргізіледі. РХБҚ бекеттері радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылауды жүзеге асыруда. Жауынгерлік күзету қарсыластың кенеттен шабуыл жасау мүмкіндігін, ал позицияларды инженерлік жабдықтау мен жедел бүркемелеу атыс құралдарының әсер етуінен жасырынушылық пен қорғалуды қамтамасыз етеді. Оқу-жаттығу қолда бар күштер мен құралдарды барынша тарта отырып өтуде. Мотоатқыш, танкті, артиллериялық бөлімшелер мен авиацияның іс-қимылдары бірыңғай ниетпен біріктірілген және дағдарыс ауданында шартты қарсыласты оқшаулау мен жоюға бағытталған, - деді оқу-жаттығу басшылығы штабының бастығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов.