
Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес десанттық-шабуылдау әскерлерінде Қазақстан Қарулы Күштері десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығының негізі болып табылатын әуе-десанттық дайындық бойынша сабақтар өткізілуде. Ми-17 әскери-көлік тікұшағынан жоспарлы секірулерді ҚР ҚМ әскери оқу орындарының түлектері 160 жас офицер мен сержант орындады. Олардың әрқайсысы үшін бұл алғашқы секіру болды. Екі апталық жаттығу барысында жас десантшылар мұқият дайындықтан өтті. Десантшылар Д6-4 парашюттік жүйесінің құрылғыларын, оның тактика-техникалық сипаттамаларын және сақтандыру аспаптарын, негізгі және қосалқы күмбездерді қалау тәртібін зерделеді. Содан кейін әуе-десанттық кешеннің снарядтары мен жерде қарғудың барлық элементтерін пысықтауға кірісті. Оқыту процесінің қорытындысы бойынша әрбір әскери қызметші рұқсат алу мен кешенді сынақ болып табылатын психологиялық тестілеуді тапсырды. «Мен ілікті жаяу әскерге қызметке келгенімді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нағыз десантшысына айналғанымды мақтан тұтамын», - деп ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институтының түлегі лейтенант Александр Парфенов бірден жерге қонғаннан кейін алған әсерімен бөлісті.