Ақтау қаласына Ресей Федерациясы Каспий флотилиясы корабльдері жасағының сапары

Ақтау қаласына Ресей Федерациясы Каспий флотилиясы корабльдері жасағының сапары

Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері мен Ресей Федерациясының Әскери-теңіз флоты арасындағы екіжақьы ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Ресей Федерациясы Каспий флотилиясы корабльдері жасағының бейресми сапары жүзеге асырылды. РФ Каспий флотилиясы корабльдері жасағының кездесуі Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кіру нүктесінде ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кораблімен жүзеге асырылды. Корабльдер жасағы жорығының жетекшісі болуға 2-дәрежелі капитан Андрей Поляков келді. Жасақ құрамына «Ұлы Устюг» шағын зымыран кораблі және «МБ-58» теңіз тартқышы кіреді. 21631 жобасының (Буян-М шифры) «Ұлы Устюг» шағын зымыран кораблі жоғары дәл зымыран қаруының заманауи түрлерімен жабдықталған. Ресей мен Сириядағы әскери операцияға қатысты. Оның барысында «Ислам мемлекетінің» инфрақұрылымы нысандары бойынша бірқатар зымыран соққылары жасалды. «МБ-58» теңіз тартқышы ашық теңізде кемелерді тарту, апатқа ұшыраған кемелерге көмек көрсету (өрт сөндіру, қайраңнан алып тастау, су шығару, лагпен және тартқышпен тарту) үшін арналған. Сапар бағдарламасы аясында корабльдер жасағының рейдте кездесуі мен Ақтау халықаралық теңіз сауда портында арқан тарту, салтанатты кездесу рәсімін өткізу, Ақтау қаласының әкімдігінде әдептілік сапары, Ақтау қ. оқушылары және тұрғындарымен корабльдердегі экскурсия өткізу, сондай-ақ ҚР Әскери-теңіз күштері мен РФ Әскери-теңіз флотының экипаждары арасында спорттық сайыстарды өткізу қарастырылған. Әртекті корабльдер дивизионының командирі 3-дәрежелі капитан Дастан Қалдыбекұлы Қалиевтің айтуынша, «Аталмыш сапар елдеріміздің жарқын дәстүрі болып табылады. Әскери теңізшілер арасындағы достықты дамытуға, әскери салада нәтижелі өзара іс-қимыл жасауға және ең бастысы Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен «Каспий – достық пен тұрақтылық теңізі» мәртебесіне сай келеді.