Армиялық былғары қолғап шебері Гамбургтегі әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Армиялық былғары қолғап шебері Гамбургтегі әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы Қазақстанның ұлттық құрамасы құрамында Германияда өткен әлем чемпионатынан Отанға оралды. Турнирде алты медаль жеңіп алынды. Олардың ішінен армиялық боксшылар екі медальдің иегерлері атанды. 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде АОСК-ның спортшысы кіші сержант Қайрат Ерәлиев әлем чемпионы атанды. Шешуші қызу тартыста ол америкалық Дюк Роганды ойсырата жеңді. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде АОСК-ның спортшысы Қамшыбек Күнқабаев чемпионаттың күміс жүлдегерң атанды. Шешуші бәсекеде Күнқабаев Әзірбайжаннан келген тәжірибелі боксшы Магомедрасул Меджидовтен жеңіліс табады. Чемпионатқа 85 елден 279 былғары қолғап шебері, оның ішінде, Рио-де-Жанейро-2016 жазғы Олимпиада ойындарының 18 медалисті қатысқанын айта кету қажет.