Әскери қызметке шақыру кезеңінде азаматтарды психологиялық іріктеу тәртібі белгіленді

Әскери қызметке шақыру кезеңінде азаматтарды психологиялық іріктеу тәртібі белгіленді

Қорғаныс министрлігінде азаматтарды әскери қызметке шақыру тәртібін регламенттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру  жұмысы жалғасуда.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 21 мамырдағы
Қорғаныс министрінің №355 бұйрығына өзгеріс енгізілуде.

Жобада Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде азаматтардың жеке психологиялық сипатын зерттеу тәртібін және олардың жарамдылық деңгейін айқындау көзделген.

Бұндай өзгеріс енгізу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке моральдық-психологиялық қасиеттеріне сәйкес әскерге шақырылушылар контигентін іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құжаттар базасын құруды қамтамасыз етеді.

Құжаттың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша ағымдағы жылғы 2 қарашаға дейін танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12310841