«Астана» өңірлік қолбасшылығына - 15 жыл

«Астана» өңірлік қолбасшылығына - 15 жыл

«Астана» ӨңҚ офицерлері, сержанттары мен сарбаздары өздерінің өңірлік қолбасшылығының 15 жылдығын атап өтті. «Астана» өңірлік қолбасшылығы 2002 жылдан бастап құрылды. Ол кезде ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев Орталық әскери округінің бірінші қолбасшысы, қазіргі «Астана» өңірлік қолбасшылығы генерал-майор Владимир Шацковқа Жауынгерлік ту тапсырылған болатын. Салтанатты шара «Астана» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұловтың штаб алдындағы гүлзарда мерейтой құрметіне салынған естелік тақтаның ашылуынан басталды. Естелік тақтаның ашылуына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, «Астана» ӨңҚ бірінші қолбасшысы генерал-майор Владимир Шацков, сондай-ақ ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Сұлтан Камалетдинов қатысты. Ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін мерекелік іс-шара К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында жалғасты. Онда өңірлік қолбасшылықтың үздік әскери қызметшілері және ардагерлерін марапаттай отырып, салтанатты жиын өтті. Меймандар алдында «Астана» ӨңҚ ардагерлері барша жеке құрамын құттықтаған құттықтау сөзімен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов сөз сөйледі. Сондай-ақ еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту ісінде жоғары кәсіби өсу тіледі. Шара соңында қазақстандық армия мен оның ажырамас бөлігі «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрылуына арналған мерекелік концерт ұсынылды.