
94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық ауыр атлетші Рүстем Сыбай ресейлік Егор Климоновтан ғана жеңіліс тауып, екінші орынды иеленді. Ойын жеңімпазы Егор Климонов екісайыс нәтижесі бойынша 383 келі нәтижесін көрсетті (168 – «жұлқи көтеруде» және 215 – «оқыс серпуде»). Рүстем Сыбай «жұлқи көтеруде» ресейліктен басып озып, 382 келі жинап, одан екісайыстың қорытындысы (170+212) бойынша жеңіліп қалды. Үшінші орынды 381 келі нәтижесімен (167+214) Таиланд өкілі Сарат Сумпрадит еншіледі.