
Үндістан Республикасы Қарулы Күштерінің мобильді-жаттықтыру тобы екіжақты әскери ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштерінің «Қазбриг» бітімгерлік бөлімшесіне арналған сабақтар өткізуде. Үндістаннан келген әріптестеріміздің сабақ бағдарламасы бітімгерлік миссияның негізгі түрлері бойынща ауқымды теориялық блокты, сондай-ақ әскери-азаматтық қарым-қатынастардың құқықтық аспектілері мен шиеленіс аймағында бейбіт халықтың қорғалуын қамтиды. Сабақтар барысында қазақстандық бітімгерлер БҰҰ миссияларындағы маңызды құжаттарды, күшті қолдану ережелері мен директиваларды, операциялардың тұжырымдамасын, жауынгерлік бұйрықтар мен тағы басқаны үйрететін болады. Теориялық блокты мұқият зерделеп, әскери қызметшілер практикалық сабақтарда ізгілік жүкті тасымалдау тәжірибесін жинақтап, әртүрлі жанжалды өздігінен шешіп көріп, жедел базаны ұйымдастыру мен күзету және блок бекеттерді өрістетудегі шеберліктерін паш етеді. Бүгінде қазақстандық бітімгерлік батальон мемлекеттен тысқары жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын халде екенін айта кету қажет. Ол НАТО құрамында және ҰҚШҰ, ҰЖДК, ШЫҰ құрамында жұмыс жасауға бейімделген. Қазақстандық бітімгерлерге арналған тренингтің шарықтау шегі оқу-жаттығу полигондарының бірінде өтетін «Көгілдір дулығалар» оқу-жаттығуы болмақ.