
Оқу-жаттығуға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер мен бөлімшелердің әскери қызметшілері қатысуда. Оқу-жаттығудың ниеті жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, жұмылдыру іс-шараларын орындау, жауынгерлік арналым аудандарына марш жасау, сондай-ақ дағдарыс ахуалдарын оқшаулау кезінде әскерлердің іс-қимылдары мәселелерін пысықтауға бағытталған. Оқу-жаттығу барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері әскери бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруді ұйымдастыру, марш жасау, дағдарыс ауданында арнайы әскери іс-қимылдарды ұйымдастыру мен өткізуге шешім қабылдау жөнінде күрделі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Оқу-жаттығуда жағдайдың деректерін жинау және талдау, шешім қабылдау, арнайы әскери іс-қимылдарды жоспарлау, бағынысты бөлімшелерге жауынгерлік тапсырмаларды жеткізу, үздіксіз басқару мен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша әскери бөлімдер мен бөлімшелердің басқару органдарының жұмысы тексерілетін болады.