Ольга Рыпакова әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ольга Рыпакова әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

АОСК-ның спортшысы, үш дүркін секіруден олимпиадалық чемпион майор Ольга Рыпакова Лондонда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан  әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Қазақстандық жеңіл атлетші үш дүркін секіруден 14,77 метрлік нәтиже көрсетті. Алтын медальді Венесуэладан келген Юлимар Рохас – 14,91 метр, ал күміс жүлдені 14,89 метр нәтижесімен колумбиялық Катрин Ибаргуэн жеңіп алды. «Басты додаға дайындық менде Гауһар лигасындағы кезеңдерге қатысудан тұрды. Сайыстан басқа, жаттығулар өткізіп, Лондондағы әлем чемпионатына өзімнің анағұрлым жақсы ұпайымды біртіндеп алуға тырыстым», - деді майор Ольга Рыпакова. Ольга Рыпакова қатысатын келесі Бирмингемдегі Гауһар лигасының кезекті сайысы 20 тамызда өтетінін айта кетейік.