Қазақстан әскери қызметшілерінің құрама командасы «Десанттық взвод» байқауының бірінші кезеңінде үздіктер үштігіне кірді

Қазақстан әскери қызметшілерінің құрама командасы «Десанттық взвод» байқауының бірінші кезеңінде үздіктер үштігіне кірді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің командасы Қытайдағы Хаодянь полигонында өткен «Десанттау және марш жүгіру» атауымен «Десанттық взвод» байқауының бірінші кезеңінде үздіктер үштігіне енді. Алғашқы кезеңнің ниетіне сәйкес қазақстандық десантшыларға 800 метр биіктіктен үш тікұшақтан взвод құрамында секіру жасауға тура келді. Сайыс ережесі бойынша қатысушыларға арнайы күту аймағында 5 минут берілді. Ал содан кейін оларға 10 шақырымға жүгіруге тура келді. Десанттау және жиын нәтижелері бойынша Қазақстанның құрама командасы аз ғана жеңіліспен Қытай мен Ресей Федерациясының командасына жол беріп, үшінші орынға тұрақтады. Әрі қарай Иран, ОАР командалары жайғасты. Алдағы уақытта командаларға сайыстың тағы бірнеше күрделі кезеңдерінен, оның ішінде, экипаждарсыз взвод спринтін, су учаскесін бұза отырып, атыс қаруынан оқ атуға тура келеді. Ертең десантшылар жауынгерлік машиналарды жүргізуді іс жүзінде жаттығуды, қайықтарда жаттығуды және Хаодянь полигонында жергілікті жерде бағдарлауды өткізеді.