«Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығу орталығына барды

«Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығу орталығына барды

Алматы қаласының әкімі мен ҚР Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы арасында әскери-шефтік жұмыс туралы 2016 жылы қол қойылған меморандум шеңберінде Алматы қаласындағы «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Ақтау гарнизонындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығу орталығына барды. Аталмыш әскери-патриоттық акция екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқысы меморандумға қол қою қорытындысы бойынша былтырғы жылы өткен болатын. Клубтың құрылу тарихы тікелей теңізбен байланысты екенін айта кету қажет. Себебі, Ұлы Отан соғысы жылдары теңізде Ленинградты қорғаған әйгілі крейсер «Кировтың» атымен аталады. «1937 жылы Қазақстан «Киров» крейсерін шефтікке алған және қазақ халқының даңқты ұлдары бұрынғы Кеңес Одағының теңіз шептерін күзету үшін крейсерде қызметке жол тартқан және біздің клуб «Киров» атауын мақтан тұтады. Қазіргі кезде «Киров» ӘПК 30 клубтың ішіндегі ең үлкені болып табылады», - дейді «Киров» ӘПК басшысы Бақытжан Перімбетов. «Киров» әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің бағдарламасы қызыққа толы. Әскери теңізшілер тәрбиеленушілермен корабльдің құрылысы, жеке құтқару құралдарын білу бойынша сабақтар өткізіп, оларды корабль мамандарымен таныстырды. Сегіз күн бойы балалар әскери теңізшілердің әскери қызметін көріп қана қоймай, сонымен бірге, жағалаудан сүңгуірлік түсулерді жүзеге асырды. Онда матрос ретінде оларға жүктелген тапсырмаларды орындады. ҚР Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері балалардың тұруына барлық жағдай жасағанын, сондай-ақ Ақтау қаласының көрікті жерлеріне бара отырып, мәдени бос уақытты ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. Демалыс барысы кезінде клубтың тәрбиеленушілері Әскери-теңіз күштерінің мұражайына барды. Онда олар Ұлы Отан соғысы туралы материалдармен танысып, Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің киім үлгісінің эволюциясымен, айырым белгілерімен танысып, әр түрлі салаларда ӘТК-нің жетістіктерін тамашалады.