
Алматыда ағымдағы жылғы маусымның 19-ы мен 23-і аралығында «Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу-жаттығу орталығы (ҚАЗЦЕНТ) алғаш рет Орта Азияда серіктестікті оқыту және дайындау орталықтары қоғамдастығының жыл сайынғы үш іс-шараның бірін ұйымдастырды. Отырыс мақсаты қоғамдастық шеңберінде әрі қарайғы ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылау, кадрларды даярлау аясында БҰҰ, ЕО және өзге де халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл болып табылады. ҚАЗЦЕНТ – қоғамдастықтың НАТО мүшесімен ресми түрде мойындалған өңірдегі бірден-бір оқу-жаттығу орталығы. Бүгінде аталмыш ұйым әлемнің әртүрлі елдерінен 31 оқу-жаттығу орталығын қамтиды. Тағы 5 орталық мойындату үшін өздерінің өтінімдерін берді. Қоғамдастықтағы мүшелілік оқу үдерісіне озық әдістемелерді енгізуге, халықаралық стандарттар бойынша шетелде оқытушыларды дайындауды жүзеге асыруға, шетелдік сарапшылардың қолдауымен жаңа сұранысқа ие мамандықтар бойынша курстарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Одан басқа, «Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу-жаттығу орталығы (ҚАЗЦЕНТ) бүгінгі таңда Қазақстан мен өңір елдерінің мемлекеттік қызметкерлерін тілдік және бітімгершілік даярлық бойынша қосымша білім берудің бағдарламаларын іске асырады.