Қазақстанда Өзбекстан Республикасы әскери делегациясының ресми сапары өтуде

Қазақстанда Өзбекстан Республикасы әскери делегациясының ресми сапары өтуде

Бүгін әскери-техникалық ынтымақтастық аясында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Жанжүменов ӨР Қорғаныс министрінің қару-жарақ және жабдықтау жөніндегі орынбасары полковник Атабек Ибадуллаевпен кездесті. Кездесуде тараптар екі мемлекет арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Жұмыс сапары шеңберінде Өзбекстанның әскери делегациясы атыс қаруларын, теңіз кемелері мен катерлерін, сондай-ақ РХБЗ іс-шараларын өткізуге, ЖЖМ мен ауыз су тасымалдауға арналған арнайы машиналар шығаратын Орал қаласында шоғырланғанҚазақстанның қорғаныс өнеркәсіптерінің өндіріс қуатымен танысты. Сапар шеңберінде қонақтар сауытты дөңгелекті техника және оптикалық-электрондық құрылғылар шығаратын кәсіпорындарда болды. Шетелдік делегацияға әскери мақсаттағы өнімдер шығаратын өзге де кәсіпорындардың өнімдері көрсетілді.Осы жерде атап өткен жөн, қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің барлық отандық кәсіпорындары өз қызметтерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың мүддесіне сай жүзеге асырады. ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен қонақтар үшін ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайы мен Астана EXPO-2017 «Болашақтың энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне экскурсия ұйымдастырылды.