Шымкент қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің үздік жасұландықтары мен әскери қызметшілері әлем көз тіккен «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға келді

Шымкент қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің үздік жасұландықтары мен әскери қызметшілері әлем көз тіккен «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға келді

Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент шаһарында шоғырланған үздік және жақсы деген бағаға оқитын «Жас ұлан» республикалық мектебінің 13 ұланы мен бірқатар әскери қызметшісі Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға келді. Көрмеге келген қатысушыларды күтіп алып, елордадағы армия генералы, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне орналастырды. Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалау барысында қатысушылар әлемнің жетекші елдерінің павильондары мен таза қуат көзін қалпына келтіру аясындағы тың технологиялар мәселелері жөніндегі ғылым мен техникадағы олардың жаңа жетістіктеріне куә болды. Жасұландықтар ҚР Президентінің резиденциясына, ҚР Ұлттық кітапханасына, ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетіне, Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайына және бас қаланың көптеген көрікті жерлерін аралады. «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған билеттерді Дариға Назарбаеваның жетекшілік етуімен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Жас ұлан» республикалық мектебіне барған кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ұсынғанын айта кету қажет. Облысымыздың басшылығы бізге «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келуге жәнеосындай әлем көз тіккен ауқымды көрмені тамашалауға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Бізге білдірген сенім мен үкілеген үмітті ақтауға тырысамыз, талмай еңбек етіп, білім нәрін сусындап, әскери ғылымның жілігін шағатын боламыз», - деп 10-сыныптың ұланы Шыңғыс Махтатов алған әсерлерімен бөлісті. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесікүллі әлемге Қазақстан көпұлтты, қонақжай мемлекет болып табылатынын, сондай-ақ халқымыздың тарихи мәдениеті мен салт-дәстүрін паш етеді. Бұл әсем қаламызға дамуға және әрі қарай биік шыңдарды бағындыруға жаңа қарқын береді.