
Ақтау қаласында салтанатты жағдайда су жаңа «Алатау» жауынгерлік мина-тартқыш кораблінде әскери-теңіз жалауының көтерілуі өтті. Аталған іс-шара ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы вице-адмирал Жандарбек Жанзақовтың жетекшілік етуімен және Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен өткізілді. «Алатау» мина-тартқыш кораблі Ресей Федерациясының кеме құрастыру зауытының верфінде салынған және Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік құрамына енгізілген. Корабль базаның су айдындары, айлақтарды, фарватерлерді және экономикалық аймақтың жаңа маңындағы бөлігін минаға қарсы қорғау үшін арналған. Корабльдің толық су алмастыруы шамамен 139 тоннаны, ұзындығы 31,5 м, ені 6,5 м, тұнбасы 1,56 м, теңіз өтпелігі 5 баллды, автономдылығы 7 тәулікті, жүзу қашықтығы 650 мильді, жүріс қашықтығы 12 торапты құрайды. Корабль «Игла-1М» тасымалданатын зениттік-зымыран кешенімен, құрамына акустикалық және контактілі тартқыштар, суасты аппараттары, басқарылатын инспектор суасты аппараты және минаға қарсы іс-қимылдарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі, мина іздеудің кильді жылжымалы гидроакустикалық жүйесімен жабдықталған. Корабль экипажы әртүрлі жағдайлар мен режімдерде оны теңіздегі сынақтан өткізіп, қарқынды дайындықтан өтті. Корабль командирі капитан-лейтенант Мұрат Баймұханов, 2010 жылы Ақтау қ. Әскери-теңіз институтының түлегі. Әскери қызметті шағын күзет кораблінің командирі лауазымынан бастады. Санкт-Петербор қаласында мина-тартқыш корабльді басқару курсы бойынша дайындықтан және тағылымдамадан өтті. «Алатау» кораблі Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасы егемендігі қауіпсіздігінің тағы бір кепіліне айналады.