
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің Әскери институтында математикадан ТМД қатысушы мемлекеттері әскери жоғары оқу орындары курсанттарының ІІІ халықаралық олимпиадасының шешуші кезеңінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Абсолюттік командалық біріншілікте ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанттары өздерін лайықты түрде көрсетті. Қазақстанның командасы Беларусь Республикасы Әскери академиясының курсанттарын шаң қаптырып, екінші орынды иеленді. Бірақ, бұл ретте Н.Е. Жуковский мен Ю.А. Гагарин атындағы Ресей Федерациясы Әскери-әуе академиясының командасынан жеңіліс тапты. Жеке дара біріншілікте үздіктер үштігінде Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанты Владислав Харлийнский жүлделі орынды иеленді. Н.Е. Жуковский мен Ю.А. Гагарин атындағы Ресей Федерациясы Әскери-әуе академиясының курсанттары да мықтылар қатарында болды. Әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және өкілдерімен қатар салтанатты марапаттау рәсіміне Ресей мен Өзбекстан Қорғаныс министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ, ТМД қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің хатшылығы қатысты. Қазақстандық әскери жоғары оқу орнының базасында курсанттардың халықаралық олимпиадасы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жалпы алғанда, алты елдің, яғни, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстанның командалары зияткерлік турнирге қатысты. Командалар курсанттар санынан құрылды. Дайындықтың негізгі кәсіби білім беру бағдарламалары жалпы көлемі 396 академиялық сағаттан кем емес базалық математикалық пәндердің зерделенуін қарастырады.