
Қазақстан әуе кеңістігінің күзеті мен қорғанысын нығайту мақсатында Қарулы Күштерде С-300 зениттік зымыран кешені әскери есептобының командалық пункті жауынгерлік кезекшілікке түсті. Аталған әскери кезекшілікке қою рәсімі Қазақстанның Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы полковник Серік Исмаиловтың, жеке құрамның, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштері ардагерлерінің қатысуымен өтті. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы аталған әскер тегінің стратегиялық сипаттағы міндеттерін ескере отырып, сапалы жаңа деңгейге өту үшін командалық пункт ашудың маңыздылығын атап өтті. Ол командалық пункті оңтайландыру жөніндегі атқарылған жұмыстар үшін бөлім командиріне алғыс айтып, Туған жердің игілігі үшін әскери қызмет барысында барлық жеке құрамға сәттілік тіледі. Қазақстанның Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері еліміздің әуе кеңістігін үздіксіз бақылауды жүзеге асыра отырып, тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады. Аталған әскер тегінің әскери даярлық ерекшелігі жауынгерлік кезекшілік міндеттерін орындау сабақтарын жүргізу болып табылады. Жеке құрамның жауынгерлік даярлығы толық және ұдайы болуы үшін әскери оқу-жаттығу іс-қимылының негізгі күші экипаждарды, есептоптарды, бөлімшелерді жинақтауға және олардың далалық машықтанған дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Әскери техниканы пайдалану және қызмет көрсету бойынша жеке құрамды оқыту шеңберінде жүргізу қару-жарақ пен әскери техниканы жетілдіруді ескере отырып жасалатын дербес жұмыстар, сондай-ақ әскери іс-қимылдың әдістерін өзгерту жоспарланған.