Командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде әскери қызметшілер әскерлерді бір жерден екінші жерге ауыстыруды және жауынгерлік оқ атуларды жүзеге асырды

Командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде әскери қызметшілер әскерлерді бір жерден екінші жерге ауыстыруды және жауынгерлік оқ атуларды жүзеге асырды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде өңірлік қолбасшылықтар және әскер тектерінің құрамалары және әскери бөлімдерімен командалық-штабтық оқу-жаттығу аяқталды. 1 500-ден аса әскери қызметші мен 200-ден астам бірлік әскери техника жауынгерлік әзірлікке келтіруден бастап әскерлерді жауынгерлік арналым аудандарына алмастыруға дейінгі тұтас тапсырмалар кешенін пысықтады. Оның ішінде, оқу-жаттығу шеңберінде Қазақстанның батысында әскерлер 800 шақырымдық алмастыруды жасағаннан кейін белгіленген пунктке келісімен әскери қызметшілер қару-жарақ пен әскери техниканы түсіруді жүзеге асырды. Одан кейін «Бейнеу» полигонына марш жасап, сол жерде жауынгерлік оқ атулар өткізді. Еліміздің оңтүстігінде «Сарыөзек» полигонынан Қапшағай қаласының ауданында шоғырланған полигонға әскери техниканың өз жүрісімен және үлкен жүкті тралдарда марш жасауы жүзеге асырылды. Дәл сол уақытта Қазақстанның шығысындағы «Шығыс» оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру, оқ атуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, төмен температура кезінде ұдайы орналасу пунктіне марш жасауға дайындау мәселелері пысықталды. «Астана» өңірлік қолбасшылығында оқу-жаттығу аясында «Спасск» полигонында қолбасшылықпен жауынгерлік әзірлікке келтіру бойынша іс-шаралардың іске асырылуы тексерілді. Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, аумақтық қорғаныс бригадасы басқармасы мен әскери басқару органдарының жеке құрамы соңғы кезеңге, яғни, әскери жағдай режімін ұстап тұру жөнінде іс-қимылдарды пысықтауға кірісті. Қазақстанның Қарулы Күштерінде командалық-штабтық оқу-жаттығу 16 қаңтарда бір уақытта, еліміздің шығысы, батысы мен оңтүстігінің бірнеше полигондарында басталғанын естеріңізге сала кетейік. Оқу-жаттығудың ниеті жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, жұмылдыру іс-шараларын орындау, жауынгерлік арналым аудандарына марш жасау, сондай-ақ, дағдарыстық ахуалды таратпау кезінде әскерлердің іс-әрекеті мәселелерін пысықтауға бағытталған. Жауынгерлік арналым ауданына қайта орналасу бойынша тапсырманы орындай отырып, әскери қызметшілер шаңғымен ондаған шақырымды еңсерді. Техниканы бір жерден екінші жерге алмастыру өзінің жүрісімен, теміржол көлігімен және тралдарда жүзеге асырылды.