Резервтегі қызметті енгізу мәселелері бойынша реттеу саясаты туралы құжат әзірленді

Резервтегі қызметті енгізу мәселелері бойынша реттеу саясаты туралы құжат әзірленді

Қорғаныс министрлігі Резервтегі қызметті енгізу мәселелері бойынша реттеу саясаты туралы консультативтік құжаттың жобасын ашық талқылауға орналастырды.

Қазіргі қарулы қақтығыстар әскери сипаттағы қауіп-қатерлерді жұмылдыру ресурстары жақсы дайындалған жағдайда ғана шешуге болатындығын көрсетеді. Резервтегілерді қалыптастыру – АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания сияқты жетекші шет елдер қабылданған жалпы тәжірибе болып табылады.

Талқылауда әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу жолымен резервтегі қызметті енгізуді қарау ұсынылады.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11296848

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми mod.gov.kz сайтынан және 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс уақытында 8(7172)72-11-00, 8(7172)72-15-57 телефондары арқылы қажетті ақпаратты алуға болады.